Halyq Uni логотип
×

«Балам жазықсыз»: Әлібек Қалбайдың өліміне күдікті сарбаздың анасы Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)

Мен өліп кетсем де балам үйге келсе болды дейді анасы

«Балам жазықсыз»: Әлібек Қалбайдың өліміне күдікті сарбаздың анасы Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)
коллаж: Halyq Uni

Маңғыстау облысындағы әскери госпитальде қайтыс болған Әлібек Қалбайдың өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған сарбаздың анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Айболат Аманжоловтың анасының айтуынша, марқұм Әлібек Қалбайдың өліміне ұлының қатысы жоқ. 

Мен Айболат Аманжоловтың анасымын. Менің баламды әскери борышын өтеп жатқан жерінен марқұм Әлібектің өліміне кінәлі деп танып алып кетті. Бұл миға қонымсыз. Тоқаев мырза, сонда қарапайым халық зардап шегу керек пе? Әділдік керек. Мен балам үшін барлық жерге баруға дайынмын. Мен өліп кетсем де балам үйге келсе болды, маған ештеңе қажет емес. Баламды көруге барғанда маған 20 минут қана көрсетті. Баламның көзі жасаурап, анашым мені алып кетші мына жерден деді..., - дейді Айболаттың анасы.

Айта кетейік, маңғыстаулық қатардағы сарбаз Әлібек Қалбай 22 сәуірде Гвардейск әскери қалашығында орналасқан әскери госпитальде көз жұмды. Ол жеке құрамның сапқа тұруы кезінде өзін нашар сезініп, есінен танып қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама