Бүгін Алматы облысында (Жамбыл ауданы) АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті
Алматы облысына қарасты Үлкен ауылырың тұрғындары (Жамбыл ауданы) атом электр станциясын салуға қарсы болса, онда АЭС салу үшін жаңа орын қарастырылады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, атом энергетикасын пайдалану туралы шешім заң аясында қабылданады. Құжатқа сәйкес Үкімет әкімдіктің келісімі негізінде құрылыс орны бойынша шешім шығарады.
«Министрліктің ведомствоаралық комиссиясы бірінші станцияны Үлкен кентінде орналастыру керегін айтты. Біз Алматы облысы мәслихатынан жауап сұрадық. Олар Үлкен халқы жобаны қолдаса, келісім беретін болды. Бүгін қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Оған тұрғындар, белсенділер, қоғамдық ұйым өкілдері қатысуда. Онда қойылған барлық сұрақты біз талдаймыз», - деді Жандос Нұрмағанбетов Үкімет отырысынан соң.
Егер тұрғындар келісімін берсе, онда технологиялық және экологиялық шешімдерді іріктеу жөніндегі жұмыстың келесі кезеңі басталады.
Сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, оның қоршаған ортаға әсері бағаланады және барлық мүдделі тараптың пікірі ескеріледі.
Бүгін тұрғындардың көпшілігі қарсы болса, онда Алматы облысы мәслихатының шешімі күшіне енбейді. Себебі, рұқсат жоқ, онда жаңа орын іздейміз, - деді вице-министр.
Бұған дейін АЭС құрылысына ең қолайлы аудан ретінде таңдау Үлкен ауылына (Алматы облысы Жамбыл ауданы) түскені хабарланды.