Биыл нан бағасы қымбаттай ма – министр жауабы
Биыл Қазақстанда 13,7 млн гектар аумақтан бидай жиналады
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда бидай қоры жеткілікті екенін айтып, ел тұрғындарын уайымдамауға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Қазір бидай мен дәнді дақылдар бағасының өсу потенциалы байқалмайды. Біздің жоспарымыз бойынша ұн мен нанның бағасы тұрақты болады. Азық-түлік келісімшарты корпорациясы қорында бидай қоры жеткілікті. Ішкі нарықтың, тұтынушыларлың сұранысын толық өзіміз қамтамасыз етеміз», - деді министр.
Айта кетейік, Қазақстанның барлық өңірінде астық жинау науқаны басталды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң – 24,0 млн га. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 651,8 мың гектарға көп. Оның 17,4 млн гектарынан дәнді дақылдар жиналады.