Алматы облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
Сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр
Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 тамызда сағат 16:04-те Ақкөл ауданының полиция кезекші бөліміне Астана – Щучинск автомагистралінің 104-шақырымында, Гелиос ЖМҚС-ға қарама-қарсы бағытта жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы телефон хабарламасы түскен.
Тәртіп сақшыларының анықтауынша, HONDA мотоциклінің 39 жастағы жүргізушісі Гелиос жанармай құю бекетінен Астана – Петропавл автомагистраліне жылдамдықпен шығып кетіп, көлікті басқара алмай, Петропавл қаласының 57 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lexus RX-300 көлігіне соқтығысқан. Салдарынан мотоциклші қисық сызықты жол қоршауына ұшып кеткен. Апаттан зардап шеккен адам бірден Ақкөл қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілген, алайда алған күрделі жарақаттарынан жүргізуші қайтыс болған.
Медициналық қорытындыға сәйкес, Lexus RX-300 автокөлігі жүргізушісінің ішімдік ішпегені анықталды. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, Ақмола облысында жазғы маусымда мотоциклдермен 13 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 19 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапқан.