Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен шыққан 11 адам суға кетті
21 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері демалуға барып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.
Шомылуға барған 21 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі бала болса, 6-ауы – ересек. Өкінішке қарай, 8 адамның мәйіті табылды, қалған үш адам іздестіріліп жатыр.
Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов қайғылы жағдай болған орын шомылуға арналмағанын айтты.
Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құзырлы орган оқиғаның мән-жайын анықтайды. Бұл орын шомылуға арналмағаны анықталды. Адамдар онда демалуға барған – 4 отбасы болған. Өкінішке қарай осындай қайғылы жағдай болды. Тергеу барысында кінәлілер анықталады, - деді министр.
Қазір іздестіру шараларына жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.