Туристердің Көк жайлаудан түскен кезде адасып кеткені белгілі болды
Алматы тауларында екі қыз адасып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Республикалық жедел-құтқару жасағы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 1:20-да ведомствоның кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне ер адамнан таныстарының тауда жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Зардап шеккендермен байланыс үзілмеген.
РЖҚЖ жедел тобы өтініш берушілерден геолокация бойынша Казачка өзенінің шатқалына қарай шақыруға шықты. Сағат 2:20-да құтқарушылардың жедел тобы қыздарды тауып алды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Құтқарушылар оларды аман-есен төмен түсірді. Туристердің Көк жайлаудан түскен кезде адасып кеткені белгілі болды, – делінген құтқарушылар хабарламасында.
ТЖМ құтқарушылары тауға шықпас бұрын болжамды маршрутты, қиындық дәрежесін, саяхат уақытындағы ауа райы болжамын біліп алуды еске салады.