Бұған дейін өрттен қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетілетіні айтылды
17 тамыз сағат 10:00-де «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды.
Шахтадан 222 адам шығарылды, бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Өрт шыққан күні шахтадан 2 адамның, кейіннен 3 адамның мәйіті табылды.
Өрт шыққан 170 метр тереңдіктегі шахтада 227 адам болған. Сол күні 222 кенші жер бетіне шығарылды.
Шахтада қаза тапқан 5 кеншінің аты-жөні:
Бұған дейін ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов «Қазақстан» шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты.
«Бұл мекемеде ұжымдық шарт бар. Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында 2022-2024 жылдарға құрылған. Сол ұжымдық еңбек шарты аясында қаза тапқан азаматтардың отбасына бірқатар жағдай көрсетіледі. Атап айтсақ, 10 жылдық жалақысын төлеп беру, пәтер алып беру, балаларының оқуға түсуіне жағдай жасау сияқты бірқатар әлеуметтік көмек бар», - деді ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.