ШҚО-да 19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Ол райынан қайтармақшы болған полиция қызметкерлерін де тыңдамаған

фото: видеодан скриншот

Бүгін ШҚО ТЖД құтқарушылары суицидтің алдын алды.

Құтқарушыларға шамамен 19 жастағы жігіттің Ертіс өзеніндегі автожол көпірінен секірмек болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел түрде ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жіберілді.

Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде жас жігіттің полиция қызметкерлері райынан қайтармақшы болып тұрған кезде суға секіріп кеткенін көрген.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері оған құтқару шеңберін лақтырды, алайда жігіт оған қарамады. Сол сәтте олар қайықпен жанына келіп, суицид жасамақ болған адамды судан алып шықты. Жағалауға жеткізген соң оны жедел жәрдем дәрігерлері алып кеткен.