Шарын шатқалында ресейлік әйел жарты шақырым қашықтыққа домалап кеткен
Ол жартастан өздігінен көтеріле алмаған
Алматы облысының құтқарушылары Шарын шатқалында жартастан құлаған Ресей азаматын құтқарды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін түнде болған.
Түнгі сағат 02:00-ден бастап Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1990 жылғы Ресей азаматын жартастан эвакуациялады. Әйел Ұйғыр ауданында Шарын шатқалындағы жартастан (Қызыл жартастар) 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған, - делінген ТЖД хабарламасында.
Ресейлік Шарын шатқалына 19 тамызда кешкі сағат 6 шамасында Алматыдағы достарымен бірге барған. Ал Алматы облысының ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен ол бүгін сағат 07:17-де құтқарылды.