Halyq Uni логотип
×

«Сөндіріңдерші светті»: Павлодар облысының әкімі мектептегі жөндеу жұмыстарын сынға алды

 Айнұр Шошаева 19.08.2023 | 13:03
«Сөндіріңдерші светті»: Павлодар облысының әкімі мектептегі жөндеу жұмыстарын сынға алды
Коллаж: Halyq Uni

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхан Шарбақты ауданындағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдың сапасын тексерді, деп хабарлайды Halyq uni

Өңір басшысы Хмельницкое ауылында жөнделіп жатқан мектепті тексерді. Белгілі болғандай білім мекемесідегі жөндеу жұмыстарының 85% аяқталған: едені ауыстырылып, қабырғалары мен төбелері тегістелген, сондай ақ жылу жүйесі жаңартылып мектеп аумағына кеспе тастар төселді. Алайда мектептің ішіндегі электр желілерінің жағдайы облыс әкімінің көңілінен шықпады. 

Бұл білім шаңырағы, балаларымыздың болашағы мен қауіпсіздігін тәуекелге саласыздар. Сөндіріңдерші светті, қазір ашып қарайын. Неге алдайсыздар, маған «шиыршық сымтемір жоқ» деп болмайсыздар. ГАСК (Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы) зерттеп, талдап, жауапкершілікке тарту керек. Мынадай жұмысты қабылдамайсыздар, – деді Асайын Байхан

Сонымен қатар «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Бұл нысанның құрылысы биыл наурызда басталған, қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама