Halyq Uni логотип
×

Алматыда Африканың 9 азаматы жауапқа тартылды

Заңнаманы бұзған 135 шетелдік ұсталды

 Динара Амантай 19.08.2023 | 09:20
Алматыда Африканың 9 азаматы жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Алматыда құжаты жоқ 135 шетелдік азамат қабылдап-тарату орнына орналастырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон қызметі заңсыз мигранттарды анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

Тек соңғы аптада жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 135 шетелдік азамат қабылдап-таратуға орналастырылды. Алыс шетелдердің 32 азаматы, оның ішінде Түркияның 13 азаматы және Африка құрлығы елдерінің 9 азаматы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған көршілес елдерден 179 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, қазірдің өзінде 27 шетелдік елден шығарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама