Жетісуда жүк көлігіне соқтығысқан жедел жәрдем көлігі қақ айырылды
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Жетісуда жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соқтығысып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар Көлтабан – Матай автожолында жедел жәрдем көлігі мен Урал жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды.
Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды. Ол рөлді басқара алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. ЖКО салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.
Факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.