Алматы облысы: 2 жасқа толмаған бүлдіршіннің балабақшада бірнеше жерден тістелгені расталды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысындағы жекеменшік балабақшада әлі 2 жасқа толмаған бүлдіршіннің денесі бірнеше жерінен тістелген. Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің жазуынша, бүлдіршіннің денесінде кішкентай балалардың емес, ересек адамның тісінің іздері қалған.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы облысындағы «Жәния» атты жекеменшік балабақшада болған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, фактіні растады.
Алматы облысы білім басқармасы берген ақпаратқа бойынша, видео камера материалдарын зерделеу кезінде факт расталған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген ресми хабарламада.
Оқиға орнында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттің өкілдері де бар. Тексеру нәтижесіне сәйкес балабақша әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданбақ.
Дина Таңсәрінің жазуынша, қазір «Жәния» балабақшасында 30 шақты бала тәрбиеленіп жатыр.