Таразда судья қомақты пара алды деген күдікке ілінді
Бас прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді
Таразда судья пара алды деген күдікке ілікті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, жасырын іс-шаралар өткізу нәтижесінде Тараз қаласы №2 соты судьясының 2 млн теңге көлемінде пара алғанын әшкереледі.
Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді. Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді, – делінген Антикор хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.