Қыстағы төтенше жағдайдың салдарымен күресуге 3,5 млрд теңге бөлінген
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов былтырғы апаттан кейін Екібастұз жылу электр орталығына жалпы сомасы 20,6 млрд теңге бөлінгенін айтты. Оның 8,4 млрд теңгесі – мемлекет қаражаты. Қалған 13,5 млрд теңгені Екібастұз жылу орталығының акционерлері, яғни ОАЭК компаниясы бөлді.
Қыстағы төтенше жағдайдың салдарымен күресуге 3,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 10 млрд теңге 5 энергетикалық қазандықты жөндеуге, қосымша жабдықтарды және ғимараттарды жөндеуге қосымша 9 млрд теңгеге жуық бөлінді. Сондықтан (Екібастұз ЖЭО-ны жөндеуге) мемлекет тарапынан 40-45%, ОАЭК компаниясынан 55-60% қаражат бөлінді, - деді облыс әкімі.
Облыс әкімі өңірде жылыту маусымы қашан басталатынын жеткізді.
«Біріншіден, жылу маусымы ауа райының көрсеткішіне байланысты. Біз даладағы ауа температурасы 8 градустан төмен болғанда – 10 күн бұрын жылу маусымының басталғанын жариялаймыз. Жылу беру маусымы 3 қалада (Павлодар, Екібастұз және Ақсу) бірдей басталады. Жалпы, әдетте жылыту маусымы 1 қазанда басталады. Екіншіден, 1 қазанға дейін қазандықтар мен өңірдегі жылу электр орталықтары жылу беру маусымына толық дайын болады. Біз оған кепілдік береміз», - деді басшы.
Асайын Байханов былтырғы апат қайталанбайды деп сөз берді.
Былтырғы апат болмайды деп те уәде бере аламыз. Әрине, (Екібастұздағы) жылу желісі 90%-дан асқандықтан кейбір ауланың немене қаланың ішінде құбыр жарылуы мүмкін. Бірақ былтырғыдай көпқабатты үйлерде 10 күн немесе 2 аптаға жылу бермей қалатындай жағдай болмайды деп сенемін. Оған күмәнім жоқ әрі кепілдік бере аламын, - деді облыс әкімі.