Halyq Uni логотип
×

Екібастұздағы апат қайталанбайды деп уәде бере аламыз – Павлодар облысының әкімі

Қыстағы төтенше жағдайдың салдарымен күресуге 3,5 млрд теңге бөлінген

 Дәурен Ерболат 17.08.2023 | 16:35
Екібастұздағы апат қайталанбайды деп уәде бере аламыз – Павлодар облысының әкімі
фото: Halyq Uni

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов былтырғы апаттан кейін Екібастұз жылу электр орталығына жалпы сомасы 20,6 млрд теңге бөлінгенін айтты. Оның 8,4 млрд теңгесі – мемлекет қаражаты. Қалған 13,5 млрд теңгені Екібастұз жылу орталығының акционерлері, яғни ОАЭК компаниясы бөлді.

Қыстағы төтенше жағдайдың салдарымен күресуге 3,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 10 млрд теңге 5 энергетикалық қазандықты жөндеуге, қосымша жабдықтарды және ғимараттарды жөндеуге қосымша 9 млрд теңгеге жуық бөлінді. Сондықтан (Екібастұз ЖЭО-ны жөндеуге) мемлекет тарапынан 40-45%, ОАЭК компаниясынан 55-60% қаражат бөлінді, - деді облыс әкімі.

Облыс әкімі өңірде жылыту маусымы қашан басталатынын жеткізді.

«Біріншіден, жылу маусымы ауа райының көрсеткішіне байланысты. Біз даладағы ауа температурасы 8 градустан төмен болғанда – 10 күн бұрын жылу маусымының басталғанын жариялаймыз. Жылу беру маусымы 3 қалада (Павлодар, Екібастұз және Ақсу) бірдей басталады. Жалпы, әдетте жылыту маусымы 1 қазанда басталады. Екіншіден, 1 қазанға дейін қазандықтар мен өңірдегі жылу электр орталықтары жылу беру маусымына толық дайын болады. Біз оған кепілдік береміз», - деді басшы.

Асайын Байханов былтырғы апат қайталанбайды деп сөз берді.

Былтырғы апат болмайды деп те уәде бере аламыз. Әрине, (Екібастұздағы) жылу желісі 90%-дан асқандықтан кейбір ауланың немене қаланың ішінде құбыр жарылуы мүмкін. Бірақ былтырғыдай көпқабатты үйлерде 10 күн немесе 2 аптаға жылу бермей қалатындай жағдай болмайды деп сенемін. Оған күмәнім жоқ әрі кепілдік бере аламын, - деді облыс әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама