Азия ойындарында ту ұстайтын қазақстандық атлеттер белгілі болды

Халық үні

ХІХ жазғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді

Асыланбек Шымбергенов, бокстан әлем чемпионы

Биыл 23 қыркүйек пен 8 қазаны аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары өтеді. Сол жарыста Қазақстанның туын ұстайтын атлеттер анықталды.

Ту ұстайтын атлеттер: бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов және биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая.

Асланбек 1993 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол – бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Ал Надежда Дубовицкая 1998 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол – жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі.

Биыл 19-шы мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Оған әзірге 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.