Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 56 адам жауапқа тартылды

Бүгінде өңірде 72 орман өрті тіркелген

 Динара Амантай 17.08.2023 | 13:50
ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 56 адам жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысының аумағында өрт қауіптілігінің жоғары санаты сақталады. Бұл туралы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бүгінде 72 орман өрті тіркелген. Бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 38 пайызға артық. Облыс аумағында ормандарды қорғауды 3 республикалық және 13 коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері іске асырады.

Облыс аумағында өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап дала өрті тіркелген жоқ.

ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері жоғары дайындық режимінде. Дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істейді. Сонымен қатар, бүгіндеі 38 жану тіркелген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 есе аз. Өрт жалмаған жану алаңы 470,5 гектардан сәл асады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірде азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және ЖАО қатарынан 270-тен астам адамнан тұратын 46 бірлескен мобильді топ құрылды. Мобильді топтар жүргізген профилактиканың арқасында 973 рейдтік іс-шара шеңберінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылардың 56-сы анықталды. Ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке 29 адам және айыппұл түрінде 27 азамат тартылды.

Орман қорында өрттердің туындауын барынша азайту мақсатында ШҚО әкімінің өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың орман қорында болуына тыйым салу туралы қаулысы қолданылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орман алқаптарының жанында орналасқан елді мекендердің бойында ұзындығы 558 шақырым минералдандырылған жолақтар құрылды. Табиғи өрттерді, сондай-ақ облыс бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру үшін 44 Өрт сөндіру бекеті, 935 адам саны бар 114 ерікті өртке қарсы құрылым, 28 өрт сөндіру бірлігі және 145 бейімделген техника құрылды, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

БАҚ-пен кездесуде Серік Амангелдин егін жинау науқанының кезеңі жүріп жатқанын да атап өтті. Шаруа қожалықтарының басшылары егістікте жұмыс істейтіндердің барлығына нұсқамалардан өтуге ерекше назар аударуы керек. Комбайндар мен тракторларда ұшқын сөндіргіштер, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуға тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама