Halyq Uni логотип
×

Елорда іргесіндегі ауыл тұрғыны танысын пышақтап тастаған

Сотқа дейінгі жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 17.08.2023 | 09:58
Елорда іргесіндегі ауыл тұрғыны танысын пышақтап тастаған
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында танысына мас халде пышақ жарақатын салған күдікті қолға түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полициця қызметкерлерінің мәліметінше, 15 тамызда Қосшы қаласының полиция бөліміне жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерінен қалалық ауруханаға «Сол жақтағы бел аймағының жұмсақ тіндеріне енбейтін тесілген-кесілген жара» диагнозымен ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Алынған ақпарат бойынша жедел тергеу тобы азаматқа барып, істің мән-жайын зерделеді. Ауруханаға түскенге дейін жәбірленушінің таныстарымен бірге алкоголь ішкені анықталды. Олардың бірімен жанжал шығып, салдарынан танысы жәбірленушіге пышақ жарақатын салған.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қабылданған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленушіге зиян келтірген адамды ұстады, – делінген хабарламада.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір сотқа дейінгі жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама