Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қарағанды облысында тұрғыннан 2 млн теңге бопсалаған адам қамауға алынды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша, Теміртаудың полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданған.
Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады. Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады, - делінген ақпаратта.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.
Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы «бопсалау» сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.