Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Шымкентте жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 03:00 шамасында Абай даңғылы бойында Opel vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысқан. Салдарынан мотоциклдің 28 жастағы тізгіндеушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған жайтты Шымкент қаласының ПД анықтау басқармасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.