Тұрмысы төмен 102,7 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Бюджеттен оған 65 млрд теңге қарастырылған
Елімізде тұрмысы төмен 102,7 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 65 млрд теңге бөлінген.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Биыл 1 қаңтардан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (5175 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) ауыстырылды.
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, 166,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
Бүгінде қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.