Halyq Uni логотип
×

Қазақстан ғалымдары құрғақшылыққа қарсы технологияны сынақтан өткізіп жатыр

Болашақта су тапшылығы әлемдегі ең күрделі мәселелердің үштігіне енеді

 Дәурен Ерболат 16.08.2023 | 09:05
Қазақстан ғалымдары құрғақшылыққа қарсы технологияны сынақтан өткізіп жатыр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Елімізде ғалымдар құрғақшылыққа қарсы технологияны сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлемде 10 жылда бір рет болған құрғақшылық бүгінде 1,9 есе артып отыр. Су тапшылығының әлемдік экономикаға орасан зор шығын әкелетіні сөзсіз. Бұл мәселеге Қазақстан ғалымдары да бейжай қарамайды. Өйткені су тапшылығы 2030 жылға қарай әлемдегі ең күрделі мәселелердің үштігінде қалып қоюы мүмкін.

Осыған байланысты Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-дің ғалымдары атмосфераға теріс зарядты иондарды жіберіп, ашық аспанға будақ бұлттарды жинауға болатын технологияны ұсынды. Нәтижесінде жаңбырды қажетті мөлшерде жауғызып, климатты реттеуге мүмкіндік туады. Қазір су тапшылығы мен құрғақшылыққа қарсы инновациялық технология сынақтан өтіп жатыр. Бүгінде мұндай технологиялар Иран, Пәкістан сынды мемлекеттердің шөлейтті аймағында қолданылып отыр.

Жоба авторларының айтуынша, климатты өзгертуге арналған технологиялық қондырғы әлем елдерінде сынақтан сәтті өткен. Мұндай технологиялар Иран, Пәкістан сынды мемлекеттердің шөлейтті аймағында қолданылып отыр.

Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-дің профессоры, техника ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нағима Жақыпбекованың айтуынша, қазір Армения және Грузияның ғалымдарымен бірлесіп, су көздерін цеолит қоспасымен қайта өңдеу технологиясын енгізу жоспарланып отыр.

Бұған дейін президент Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама