×

Оқу жылының ұзақтығы: сарапшылар пікірі екіге бөлінді

Ата-аналар талқылауға қатыса алмайды

 Дәурен Ерболат 15.08.2023 | 13:26
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептегі оқу жылының ұзартылуына байланысты әлі нақты шешім шықпағанын айтты. Бірақ бір апта ішінде ортақ бір шешім қабылданады.

Сарапшылар екіге бөлініп отыр. Біреулер 34 аптаны қолдаса, басқалары 36 апта болуы керек дейді. Алдымен оқушылар үшін ыңғайлы болуы керек. Сондықтан мен екі жақ сарапшылар бірігіп, барлығына ортақ бір шешімге келсін деген тапсырма бердім, - деді министр.

Биыл Қазақстан мектептерінде оқу жылы ұзартылған болатын. Бірақ министрліктің бұл шешіміне наразы ата-аналар көп болды.

Ведомство басшысының айтуынша, оқу жылының ұзақтығына қатысты талқылауға ата-аналар қатыса алмайды. Нақты шешімді сарапшылар қабылдайды.

Еске салайық, биыл Қазақстанда 1 маусымда оқушылар Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтті.

2022 жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталына білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі, қорытынды аттестаттау шарасының уақытын айқындау туралы бұйрық жобасын жариялады. Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек - 31 мамыр аралығында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама