Halyq Uni логотип
×

Қостанайдағы орман өрті: прокурор экс-директорды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Сотталушы өз кінәсін мойындамады

 Ая Өміртай 15.08.2023 | 11:43
Қостанайдағы орман өрті: прокурор экс-директорды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Фото: tobolinfo.kz

Қостанай қаласының N2 сотында «Басаман орман шаруашылығы мекемесінің» экс-директоры Асхат Жақашевтың ісі бойынша жарыссөз өтті. Прокурор оны жеті жылға бас бостандығынан айыруды және 21,5 млрд теңгені толық өтеуді сұрады.

«Орман – біздің ортақ байлығымыз. Қазір біздің облыста орман құрдымға кетті, қайтарылмайды», – деген мемлекеттік айыптаушы Асхат Жақашевқа тағылған айыпты осылай бастады.

Прокуратураның мәліметінше, былтыр қыркүйек айында Аманқарағайда орман өртінен соң Жақашев «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа тартылған.

Айыптаушы тараптың айтуынша, сотталушы 2022 жылдың қыркүйегінде Аманқарағайдағы алапат өрт кезінде ағаш кесушілерді орман шаруашылығы мекемесінің аумағына тыйым салған уақытта кіргізді деп айыпталып отыр. Айыптау қорытындысы бойынша келтірілген шығын 21,5 млрд теңгені құраған.

«Басаман» мекемесінің бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп айыпталып отыр, – деп бастады сөзін прокурор Таңат Тасов. – Мемлекет Жақашевқа жауапты қызмет саласын – облыстағы ең ірі жергілікті орман шаруашылығын басқаруды тапсырды. Орман – еліміздің жер қойнауы, мұнайы сияқты байлығы. Ал өрт салдарынан орманнан айырылдық. Жақашев орманды пайдалану ережелері мен тәртібін сақтамай, мемлекет пен қоғамның мүддесін бұзған. Сотталушының кінәсі толық дәлелденді және куәлардың көрсетулерімен, сараптама және құжаттармен расталды деп есептейміз. Айыптау толығымен дәлелденді. Біз қылмыстың толық бейнесін жаңғырттық.

Мемлекеттік айыптаушы өз сөзінде Жақашевқа және олармен байланысты тұлғаларға тиесілі мүлікке тоқталды. Бұл ретте ол тәркілеу туралы емес, мүлікті қамауға алу мерзімін ұзарту және оны материалдық шығынды өтеу кезінде қарастыру туралы екенін атап өтті. Соның ішінде сотталушының адвокаты мінген Lexus көлігі туралы да атап өтті.

Жасалған әрекет ауыр қылмыс санатына жатады. Оның үстіне ол кісі кінәсін мойындағысы келмеді. Жақашевты кінәлі деп танып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынамын. Жазаны өтеу орташа қауіпсіздік жүйесінде белгіленсін, – деді Тасов.

Ал қорғаушы тарап айыптау тарапымен түбегейлі келіспейді.

Прокурор мырза, біз атышулы істі аяқтап жатырмыз деді, бірақ, құрметті сот, бұл атышулы іс емес, оқиғаның өзі резонанс тудырды. Бірақ менің қорғаушыма қатысты іс – негізсіз айып. Ол тек болжамдарға негізделген. Және бұл ретте мемлекеттік айыптаушы ең көп дегенде 7 жыл мерзім беруді сұрайды. Жақашев бұрын сотталған рецидивист пе? Неліктен бірден үлкен мерзім? – деді Жақашевтың адвокаты Сабыржан Иманбаев.

Сонымен қатар, адвокат қамауға алуға негіз жоқтығына дәлел келтіре отырып, Жақашевтың мүлкінен аресті алып тастауды сұрады. 

Нәтижесінде, айыптау жағы өрттің шығу себебі туралы қорытындыға негізделеді. Бұл орынсыз және негізсіз. Оның үстіне, қорытындыда өрт себебі әйнек, темекі тұқылы немесе ұшқын болуы мүмкін делінген. Нақты мәліметтер жоқ, – деп атап өткен заңгер соттан Асхат Жақашевты ақтауды сұрады.

Прокурор орман шаруашылығы кәсіпорнының экс-директорын 7 жылға бас бостандығынан айыруды және орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұрады. 

«Костанайские новости» жергілікті басылымының жазуынша, мемлекеттік айыптаушы шамамен шамамен 21,5 млрд теңге болатын азаматтық талаптарды соттың толық көлемде қанағаттандыруын жақтап отыр.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Еске салайық, 2022 жылы қыркүйектің басында Қостанай облысында 2 қыркүйекте басталған орман өрті ұлғайып, 43 мың гектар аумақты шарпыған еді. Аумағы ондаған мың гектарға жеткен өрттен 2 мың адам баспанасынан айырылған. Бір адам қаза болып, тағы бір адам із-түзсіз кеткен. 

5 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өрттен зардап шеккендермен кездесуде «үкімет екі-екі жарым ай ішінде зардап шеккендерге жаңа үй салып береді» деп уәде берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама