Күдіктілер УҰИ-ға қамауға алынды
Алматы облысының полицейлері банкоматқа ұрлыққа түскен күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 14 тамызда 13:42-де Қарасай аудандық ПБ-ға 1988 жылы туған әйел сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы белгісіз адамдардың медициналық маскамен 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірген. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.
А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты. Азаматтар УҰИ-ға қамаққа алынды. Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді, – делінген хабарламада.
Қазір сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осындай басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріледі.