Алматыда белгісіз біреу әйелдерге шабуыл жасап жүр
Видеода ол кіреберіс жанындағы талдардың арасына жасырынып, қыздың соңынан аңдыған
Әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары қыздарға шабуыл жасаған ер адамның әрекетін талқылап жатыр. Айтуларынша, ол қыздардың жыныс мүшесінен ұстаған.
Бұл жігіт Бостандық ауданында әйелдерді аңдып, шабуыл жасап, жыныс мүшелерінен ұстайды. Мына видеода ол кіреберіс жанындағы талдардың арасына жасырынып, қыздың соңынан аңдыған, кейін лифт ішінде шабуыл жасайды. Қыз теуіп жіберген соң қашып кетті, – делінген желідегі жазбада.
Ал қалалық полиция департаменті азаматтардың шағымына қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.