Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабылады

Халық үні

«Бақты» өткізу пункті 21 тамыздан бастап штаттық режимде ашылады

Фото: Sputnik.kz

18-20 тамызда Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті жабық болады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Жыл басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Бақты» автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Жұмыс жүргізу кестесі бойынша 2023 жылдың 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған.

Осыған байланысты, жұмыс барысында автокөліктердің жүруіне мүмкіндік болмайды, сол себепті «Бақты» өткізу пункті уақытша жабылады.

«Бақты» өткізу пункті 21 тамыздан бастап штаттық режимде ашылады деп жоспарланып отыр.