Компания басшылығы жұмысшылармен келіссөз жүргізіп жатыр
14 тамызда түнгі ауысымға түскен «Қазақмыс» компаниялар тобына қарасты Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатып, наразылыққа шыққан.
«Қазақмыс» баспасөз қызметі өндіріс орнында жұмыстың тоқтағанын растады.
Оқиға орнына «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура, жергілікті атқарушы билік өкілдері жиналды.
Қазір «Қазақмыс» басшылығы мәселені шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Аймақтық жедел штаб жұмысын жалғастырып жатыр.