Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 14.08.2023 | 13:53
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау – Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлігі мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді.

Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның зайыбы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама