«Қанды майданға қатысқым келмеді»: Литваға қашқан орыс офицері саяси баспана сұрап отыр

Ая Өміртай

Бұл соғыстан қашуға мәжбүр болған екінші ресейлік офицер

Фото: BBC

Лейтенант Иван Королев Литва шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Вильнюске жетіп үлгерді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оны 10 тамызда Вильнюс автовокзалында литвалық шекарашылар ұстады.

BBC басылымына берген сұқбатында, сарбаз 59313-39 әскери борышын өтегендігін айтады – бұл «Шығыс әскери округінің біріккен стратегиялық қолбасшылығы.

Вильнюсте ұсталған соң, әскери қызметкер шекара бекетіне қайтарылған.

3 тамызда мен мемлекетім бастаған қанды соғысқа қатысқым келмегендіктен Ресей Федерациясынан кету туралы шешім қабылдадым. Қазіргі уақытта мен Литва Республикасындамын, сол жерден саяси баспана сұрадым, - деді Иван Королев BBC-ге.

Ол өзінің осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының аумағынан шықпағанын, Украина аумағында болмағанын айты. 

Біз орыс әскерлерін оқ-дәрімен қамтамасыз етумен айналыстық. Біз Ресейдің түкпір-түкпірінен, барлық бөлімшелерден, барлық арсеналдардан оқ-дәрі алып, оларды бригадаларға, бөлімшелерге тікелей Украинаға тараттық, - дейді қашқын офицер.