Іс-шара Исатай мен Махамбет алаңында өтеді
Жаздың басты спорттық ойын-сауық шарасының үшінші аялдамасы еліміздің мұнайлы астанасы болады. Қарқын алған гастрольдік сапар 13 тамызда шаһардағы Исатай мен Махамбет алаңында өтеді. Музыкалық хедлайнер – YENLIK.
Қазақстан футболының 110 жылдығын еліміздің әр қаласындағы жанкүйерлер жоғары деңгейде тойлауды жалғастырып жатыр. Мұның айқын көрінісі Қазақстан футбол федерациясы мен отандық ең танымал Olimpbet букмекерлік кеңсесі ұйымдастырған үлкен «Футбол жолы» турыннан аңғарылады.
Шымкент пен Ақтаудан кейін, келесі жексенбіде фестиваль Қазақстанның мұнайлы астанасында өтеді. Үлкен спорт мерекесінің қонақтарын не күтіп тұр?
Фестиваль турының басқа қалаларда өткеніндей, Атыраудағы «Футбол жолы» мерекесінде аяқдоптан фристайл бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады, ал көпшілік 3х3 футболдан әуесқойлар арасындағы турнирде медальдар үшін таласады. Қатысуға 16 жастан асқан, бұрын өз командасын footballfest.kz сайтында жариялаған ойыншылар жіберіледі.
Әдеттегідей «Футбол жолында» аттракциондар болады. Олардың ішінде: соққының күшін өлшейтін динамометр, «Нақты мақсат» ойыны, кибер аймақ, кикер және басқалары бар. Ойынға қатысушылар жүлде аймағында кәдесыйларға айырбастауға болатын арнайы жетондарға ие болады.
«Кубок аймағында» қонақтар Қазақстан футболының басты жүлделері – ҚПЛ тондо чемпионаты, Қазақстан кубогі және Суперкубогімен кездеседі. Сонымен қатар «Атырау» ФК ойыншылары жанкүйерлер үшін автограф сессиясын өткізеді.
Музыкалық бағдарлама туралы да ауыз толтырып айтуға болады. Үлкен қаладағы іс-шараның атмосферасын әртістер «жандырады. Барабаншылар шоуы, диджейлер, сондай-ақ қазақстандық R'n'B жұлдызы YENLIK спортсүйер қауымды қуанышқа бөлейді.
Фуд-кортта тұрғындардың сүйікті мекемелері арнайы ас мәзірін ұсынады. Жақын маңда жазғы аптап ыстықтан демалуға және салқындауға болатын арнайы аймақ қызмет көрсетеді.
Атыраудағы «Футбол жолы» Исатай мен Махамбет алаңында сағат 16:00-де басталады.
Кіруі тегін. Толығырақ https://footballfest.kz сайтында.