Полиция журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғанын растады
Тергеу облыстық ПД-ның бақылауында
Талдықорғанда белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталды.
Бұл бапта жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырады, – делінген хабарламада.
Журналист қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, мойындау туралы куәлік бергеннен соң, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шықты.
Қазір тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәселені назарда ұстап, журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Айта кетсек, Сандуғаш Дүйсенова 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғалар барысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құлатылған күйде алаңда жатқан ескерткіші түсірілген фотосуреттің авторы ретінде танымал. Осы фото үшін Дүйсенова MediaCAMP Award 2022 халықаралық байқауында жеңіске жетті.