Көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді
Алматыда ірі қойма өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 тамызда сағат 07:16-да Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған жағдайға байланысты жедел штаб, бірнеше өрт сөндіру учаскелері құрылды. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты жоғары температура одан сайын көтеріліп, құрылымдардың құлау қаупі пайда болды. Көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді.
Өртті сөндіруге ТЖД 25 техникасы, 85 адамы, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.