×

Ұлттық ұлан «дубинкалар» мен «бронежилеттерді» не үшін сатып жатыр

Сатылымға шығарылған заттар кімдерге керек болуы мүмкін?

 Ербол Тұрымбет 06.05.2022 | 10:59
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық ұланның қолданыстан шығарылған қорғаныс құралдары сатылымға қойылды. Арасында темір қалқандар, оқ өтпейтін кеудешелер, дулығалар, кісендерге дейін бар. «Қазарнаулыэкспорт» РМК-нің аукционға салған тауарлары Ұлттық ұланның үш әскери бөлімі және Ұлттық ұлан әскери институтынан алынған, дейді Halyq Uni тілшісі.

Электронды сауда алаңына шығарылған төрт сатылымның әрқайсы 120 мың теңгеден басталып, миллион теңгеден асады. Өзін таныстырғысы келмеген «Қазарнаулыэкспорт» өкілінің айтуынша, олар – қолданылған заттар. 

«Санат бойынша бөлінеді. Көпшілігі бесінші дәрежеге жатады. Яғни, жөндеуге келмейтіндер, тозған деуге болады. Арасында үшінші дәрежедегілері де бар. Оларды әлі жөндеп алуға болады. Ал жаңалары бірінші дәрежеге жатады. Бірақ олардың сатылған кезі есімде жоқ», – дейді маман.

Мекеме өкілінің сөзінше, бұл әскери құралдарды қандай мақсатқа қолданарын сатып алушының өзі шешеді. Әрі ол аукционға шығарылғандықтан оны жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да сатып ала береді. Ешқандай талап жоқ. Ал егер тендер болса, онда құжаттары бойынша арнайы шарты болғандықтан заңды тұлғаларға ғана сатылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама