Halyq Uni логотип
×

Алматыда Тәжікстанның 3 азаматы үйде жалғыз қалған әйелді тонаған

Әйел шабуыл жасаушылардың бірін танып қалған

 Еркеғали Болатұлы 11.08.2023 | 13:36
Алматыда Тәжікстанның 3 азаматы үйде жалғыз қалған әйелді тонаған
фото: ІІМ

Тәжікстан азаматтары алтын бұйымдар мен ұялы телефон тонады деген күдікке ілінді. Үш ер адам жас келіншектің пәтеріне кіріп, мүлкін тартып алған.

Жәбірленуші үйде болған. Таңертеңгі сағат 10:00 шамасында бетперде мен бас киім және қара спорттық киім киген үш жігіт пәтердің ашық тұрған есігінен кіріп келген. Олар күш қолданамыз деп қорқытып, алтын бұйымдар мен IPhone 11 маркалы телефонын тартып алған.

Әйел шабуыл жасаушылардың бірін танып қалған. Ол анасының танысы екен.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктілер ұсталды. Олар – Тәжікстанның 28, 27 және 31 жастағы азаматтары. Сондай-ақ күдіктілердің қылмыс орнына Lada Priora көлігімен келгені анықталды. Ұрланған заттар тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына тіркелді. Ұсталғандар қамауға алынды, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Тергеу қарақшылық шабуылға басқа күдіктілердің де қатысы барын жоққа шығармайды. Олардың жеке басы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама