×

Талдықорғанда 4 әйел қылмыстық топ құрған

Келтірілген шығын 53 млн теңгеден асты

 Динара Амантай 11.08.2023 | 10:58
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда 11 қылмысқа қатысы бар алаяқтар тобына сот үкімі шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жетісу облысының полицейлері Талдықорғанда 11 қылмысқа қатыстылығы дәлелденген алаяқтар тобына байланысты тергеуді аяқтады. Келтірілген шығын 53 млн теңгеден асты. Топтың құрамына соңғы бірнеше жыл бірлесіп, алаяқтықпен айналысқан 34-49 жас арасындағы төрт әйел кірген.

Айыптау қорытындысына сәйкес, қылмыстық топтың іс-әрекеті жақсы ұйымдастырылған. Олар негізінен қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесуге, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге жәрдемдесуге уәде берген. Атқарылған жұмыс үшін алаяқтар шетелдік және ұлттық валютамен, аударым арқылы және қолма-қол сыйақы алған. Бір жағдайда олар тіпті тірі мал алуға келіскен, – делінген полиция хабарламасында.

Сот айыпталушылардың әрқайсысында жас балалардың болуын және жасаған қылмыстарын мойындап, өкінетіндігін, сондай-ақ жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық қалпына келтіргендігін ескерді. Сот үкімімен сотталушылардың біреуіне шартты түрде 4 жыл бас бостандығынан айыру, ал қалған үшеуіне 3,5 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама