×

Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Прокурор оны 13 жылға соттауды сұрады 

 Халық үні 10.08.2023 | 16:15
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленеді.

Бұған дейін прокуртор Нұрлан Мәсімовті қылмыстық кодекстің 366, 189 және 392-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танып, 13 жылға соттауды сұраған еді. 

Сондай-ақ прокурор сотталушыны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыруды және «Айбын» екінші дәрежелі орденімен бірге полиция генерал-майоры атағын қайтаруды сұрады.

Айта кетейік,  Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Кәрім Мәсімов қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама