Түркістан облысында той кортежі жол ережесін өрескел бұзған (ВИДЕО)
Жүргізуші кінәсін толық мойындады
Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатып, тасжолда мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз емін-еркін жүрген екі көліктің бейнежазбасын анықтады. Құқықбұзушылық Қазығұрт ауданында болған.
Оқиғаға қатысты ВАЗ 21015 көлігі анықталып, оның жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Жүргізуші кінәсін толық мойындады, – делінген хабарламада.
Ал бейнежазбадағы екінші Lada Granta көлігін басқарған шымкенттік тұрғынның жеке басы анықталып, тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.