Halyq Uni логотип
×

«Басыма тиетін еді»: Жазира Байырбекова оққа ұша жаздады

Қап қараңғы, ештеңе көре алмадық, дейді ол

 Халық үні 09.08.2023 | 23:41
«Басыма тиетін еді»: Жазира Байырбекова оққа ұша жаздады
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Жазира Байырбекова Жаркентте жолда әлдекім оқ атқанын айтып, жазба жариялады. Әнші желідегі парақшасында оқыс оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Кеше түнде, таңғы 3-4 шамасында Жаркенттен қайтар жолда Шелекке жақын көпірдің астынан көлікпен өте бергенде төбемізден оқ атылды. Көбіне төбесін ашып қоятын едім, қайта дәл сол сәтте жауып қойғанмын. Әйтпесе басыма тиетіні анық. Люк шашылып қалды.

Өзіміз аманбыз шүкір! Қап қараңғы, ештеңе көре алмадық. Түнде жүрмеуге тырысыңыздар. Кімдер, не үшін түк түсінбедік, - дейді әнші. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама