Экс-полицей өз кінәсін толық мойындады
Павлодар тұрғыны полицей болып жұмыс істейтін бауырының қызметтік тапаншасын алып, абайсызда оқ атқан.
Павлодар қалалық №2 сотының үкімінде оқиғаның былтыр қараша айында болғаны айтылған. Сот мәліметінше, конвойлық ротаның 20 жастағы қызметкері туыстарының үйінде тұрған. Ол түскі асқа үйіне барған, ал біраз уақыттан кейін онда бөле бауыры да келген.
Ер адамдар бірге теледидар көріп отырған. Кейін полицей жұмысқа жиналып жатқанда дәретханаға барып келмек болып, «Макаров» қызметтік тапаншасын мұздатқыш камераның үстіне қойып кеткен.
Дәретханадан оқтың даусын естіген. Қонақ бөлмеге кірген кезде оң қолына «Макаров» тапаншасын ұстап жатқан бауырын көрген. Кейін сотталушы полиция шақырған, - делінген Павлодар қалалық №2 сотының үкімінде.
Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі («Жауапсыздық») бойынша қылмыстық іс қаралды. Экс-полицей өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ сот үстінде марқұмның анасы оның ұлы мен жиенінің арасында бауырлық қарым-қатынас болғанын айтып, туысын бас бостандығынан айырмауды өтінген.
Сот үкімімен сотталушы 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.