Олардың ішінде бәйге аттары да бар
Жамбыл облысында құмар ойынға құныққан азамат ауылдастарының 19 бас малын ойынға салып жіберген.
Барымтаға бел буған 35 жастағы тұрғын әуелі жайылымда жүрген 6 бас ірі қараны ұрлаған. Одан он күннен кейін 13 жылқыны айдап әкеткен. Олардың ішінде бәйге аттары да бар. Асыл тұқымды арғымақтардың әрқайсысының құны 2 млн теңгеден асады.
Күдіктінің ұрлыққа барғаны мал базарында әшкереленді. Ол өз кінәсін бірден мойындап, қолды қылған жылқы мен сиырдың ақысын 10 млн теңгеге бағаланған құнымен толық өтеп берген.
Ұры 5 жылға бас бостандығынан айырылды.