Тек 4 өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі республикалық деңгейден жоғары
Биыл шілдеде Қазақстанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 49,5 мың теңге болды, деп хабарлады Finprom.kz.
Бұл – былтырғыдан 10,5%-ға көп. 2022 жылғы сәйкес кезеңде көрсеткіш 44,8 мың теңге болып, бір жылда 16,4% өскен.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі ең жоғары өңір әдеттегідей Маңғыстау облысы: 62,2 мың теңге (былтырғыдан 13,5%-ға көп). Бұл – республикалық көрсеткіштен 25,8%-ға артық. Екінші орында Астана (56,4 мың теңге), үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы (52,4 мың теңге) тұр. Бұл өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден 14,1% және 6% көп.
Үздік бестікке Алматы қаласы мен Павлодар облысы да енді: 51,2 мың және 49,4 мың теңге. Еліміздің 20 өңірінің төртеуінде ғана ең төменгі күнкөріс деңгейі республикалық деңгейден жоғары.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен өңірлер – Қызылорда (44,3 мың теңге), Түркістан (44,4 мың теңге) және Ақтөбе (45,2 мың теңге) облыстары.
Жасы бойынша ерлер мен ұлдар арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,5-1 жас аралығындағы балаларда – 32,5 мың теңге, ең жоғарысы 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде – 62,6 мың теңге.
Әйелдер мен қыздар арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,5-1 жас аралығындағы балаларда – 30,5 мың теңге, ең жоғарысы 14-17 жас аралығындағы қыздарда – 47,9 мың теңге.
Барлық жас санатындағы ұлдар мен ерлердің күнкөріс деңгейі сол жастағы қыздар мен әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары.