Қос тарап ортақ мәмілеге келе алмаған
11 шілдеде «Мөлдір Мұнай Сервис» компаниясының 20-ға жуық жұмысшысы билік өкілдеріне үндеу жолдады. Басты талабы – өндіріс орнындағы жұмысшылардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ, айлық жалақыларын көбейту.
Осыған байланысты Orda.kz ақпараттық-сараптамалық порталының сұрағына ұлттық компания өкілдері түсініктеме берді.
Арызданған жұмысшылар тобы ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеумен айналысатын «Tenge Oil & Gas» жекеменшік компаниясының мердігерлік жұмыстарын орындауға жауапты екені анықталды. 5-шілдеде оларға жүктелген жұмыс аяқталған. Алайда, компания келесі тапсырысқа жарияланған байқау талаптарына сай келмеген.
«Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС өкілдерінің айтуынша, бұл жұмысшылар тобына басқа кен орнында жұмыс ұсынылғанымен, олар ұсыныстан бас тартқан.
Нәтижесінде, қос тарап еңбекпен қамту мәселесіне қатысты дауда ортақ мәмілеге келмеді. Сол себепті 6-тамызда жұмыс беруші оларды жұмыстан шығару туралы бұйрық берген.