Салдарынан бір әйел қаза тапты
Жетісу облысында жол апатынан бала жарақат алып, әйел қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін Көксу ауданында Mercedes Benz көлігінің қатысуымен болған. Неміс көлігін 39 жастағы жігіт басқарған. Ол Алматы – Өскемен тас жолының 235-шақырымында көліктің аударылуына жол берген. Оқиға орнында жүргізушінің 35 жастағы әйелі қайтыс болды. Сондай-ақ 2 жасар бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.