Halyq Uni логотип
×

«АлматыЭлектроТранс» ЖШС бас директоры алаяқтықпен айналысқан

Ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды

 Динара Амантай 08.08.2023 | 11:33
«АлматыЭлектроТранс» ЖШС бас директоры алаяқтықпен айналысқан
Фото: Halyq Uni

«АлматыЭлектроТранс» ЖШС-нің бас директоры алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

 Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «АлматыЭлектроТранс»  ЖШС-нің бас директоры Б.К. Игенбердиновке қатысты үкім жарияланды. Ол жолаушылар көлігіне қызмет көрсету келісімшарты бойынша, қарызды төлеу сылтауымен, алдау арқылы кәсіпкерден 150 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деп айыпталды.

Сот Б.К. Игенбердиновке жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама