Ақтөбе облысында аса ірі көлемде есірткі сатқан ер адам сотталды

Динара Амантай

Одан 1,3 млн теңгеден аса ақша тəркіленді

Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында есірткі сатушы 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шілдеде ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі және ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарап, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Ақтөбе қаласының 34 жастағы тұрғынын кінəлі деп таныды.

Бұл азаматты 30 наурызда Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласы Сəңкібай батыр даңғылында орналасқан гараж кооперативінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұстаған. Одан 100,5 келі марихуана және 1 келіден аса гашиш, сондай-ақ 1,3 млн теңгеден аса ақша тəркіленді.