Павлодарда ер адам үйге заңсыз кіріп, 15 жастағы қызға күш көрсеткен (ВИДЕО)
Сондай-ақ ол 250 мың теңгені қолды қылған
Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жергілікт ПБ-ға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық көрсеткен. Оған қоса, қызды тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 мың теңге қаражатты иемденген.
Арнайы іс-шаралардың нәтижесінде полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны ізін суытпай ұсталды. ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.