Сотталушының адвокаттары сот шешімімен келіспей отыр
Шымкентте қаржы басқармасының бұрынғы басшысы сотталды. Бұл лауазымға осыдан 4 жыл бұрын жайғасқан Кенжебек Жанбосынов мемлекетке 1 млрл теңге шығын келтірді деп күдікке ілінген.
Үстінен қылмыстық іс қозғалған Кенжебек Жанбосынов қызметіне тағайындалғаннан кейін араға 10 күн салып, қаладағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпарацияның директор алқасы атаныпты. Алайда, кейінгі міндетінде есептен жаңылып, мемлекетке млрд теңге зиян келтірген.
«Шымкент қаласы жастарына арнап салынған 9 қабатты үйдің 518 пәтерін нарықтық құны 4 млрд 823 млн 806 мың 953 теңге болғанын біле тұра, аталған қаржының заңсыздығына тосқауыл жасамай, тұрғын үй мемлекеттік мекемесіне 3 млрд 704 млн 886 мың теңгеге сатуға жол берген», - дейді Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының судьясы Алпысбай Нәлібаев.
Осыдан екі жыл бұрын үстінен іс қозғалған басқарма басшысына қатысты бүгін сот үкім шығарды. Ол үш жылға бас бостандығынан айрылды. Бірақ, мұнымен сотталушының адвокаттары келіспей отыр.
Бұл іс бойынша прокурор үш рет ауысты. Оның ешқайсысы тергеу барысында құжат бойынша қандай дәлелдермен әшкереленетінін айта алмады. Қосымша дәлелдемелер ұсына алмады, - дейді сотталушының адвокаты Сәкен Қасымбаев.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы тарап аппеляцияға беретінін айтып отыр.