×

Түркістан облысында бірнеше лагердің қызметі тоқтатылды

Бүгінде 400-ге жуық бала үйлеріне қайтарылды

 Динара Амантай 07.08.2023 | 13:57
Фото: Түркістан обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Бас прокурордың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының прокуратурасы балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазір өңірде 18 балаларды сауықтыру лагерінде 23 мыңнан астам бала демалып жатыр.

Түркістан облысының Түлкібас ауданына қарасты Келтемашат ауылында орналасқан «Жансая» балаларды сауықтыру лагеріне прокурорлық тексеру жүргізу барысында заңдылықты бұзушылықтар анықталып, аталған лагерь жұмысының заңнама талаптарына толық сәйкес келмейтіні белгілі болды. Мағыналас заңдылықты бұзушылықтарға жол берген 3 балаларды сауықтыру лагері анықталып, олардың қызметтерін тоқтатуға бағытталған шаралар қолданылып жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір аталған сауықтыру лагерлерінде Түркістан облысының Мақтаарал, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Шымкент қаласынан демалуға келген 400-ге жуық бала үйлеріне қайтарылды.

Аталған бағытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетсек, бүніде Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірінде балалардың демалыс орындарына тексеру жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде бірқатар облыста бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, Қызылорда облысында балалар лагерлерінің бірінде азық-түлік дәретханада сақталған. Қонаев қаласында лагерь директоры жұмысқа мас болып барған. Сондай-ақ Қостанай облысының балалар лагерлерінің бірінің әкімшілік бөлмесінен спирттік ішімдіктер табылды. Сонымен қатар, балалар лагерінің аумағынан бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын бөлмелер табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама